АҚШ-та Tesla электрокарының жарылған сәті бейнежазбаға түсіп қалды

Полиция оның теракт болған-болмағанын анықтап жатыр

Мәди Саматұлы

  • 02.01.2025

Лас-Вегаста оқиға Дональд Трампқа тиесілі қонақ үйдің алдында Tesla Cybertruck электрлік пикабы жарылды. BBC жазуынша, көлікте жанармай толы ыдыстар мен фейрверктер болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Көліктің ішінде болған адам қаза тауып, тағы 7 адам оқиға орнында жеңіл жарақат алған.

Электрлік көліктің өндірушісі, миллиардер Илон Маск, X әлеуметтік желісінде жарылыстың себебі көліктің өзінде емес, оның ішіндегі жүгінде болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Tesla басшысы Лас-Вегастағы жарылыстың террористік акт болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Өйткені, бұл оқиғаның Нью-Орлеандағы трагедиямен байланысы бар екенін атап өткен. Екі көлік те Turo сервисі арқылы жалға алынған болып шықты.

Полиция оқиғаның Трампқа немесе оның одақтасы, Tesla иесі Илон Маскқа қарсы әрекет болды ма, жоқ па деген сұрақтың жауабын әлі анықтаған жоқ. Тергеу жүріп жатыр.

Фото: Reuters

Байланысты жаналықтар

Қытай сауда соғысында АҚШ-ты жеңуге шамасы жете ме?

07.04.2025

АҚШ-та Трампқа импичмент жариялау ұсынылды

06.04.2025

Ғимараттар қирап, жолдарды су басты: дауыл салдарынан 16 адам қаза тапты

06.04.2025

АҚШ қалаларында Трампқа қарсы ереуілдер өтіп жатыр

06.04.2025

АҚШ-тың TikTok-ты сатып алу жөніндегі келісімі тоқтатылды

05.04.2025

Қытай АҚШ тауарларына 34%-дық кедендік баж салығын енгізді

04.04.2025
MalimBlocks
Қытай сауда соғысында АҚШ-ты жеңуге шамасы жете ме?

АҚШ-та Трампқа импичмент жариялау ұсынылды

АҚШ-тың демократ-конгрессмені Эл Грин қазіргі президент Дональд Трампқа импичмент жариялау рәсімін бастауды ұсынды

Ғимараттар қирап, жолдарды су басты: дауыл салдарынан 16 адам қаза тапты

АҚШ-тың орталық-шығыс бөлігінде болған дауыл салдарынан 16 адам қаза тапты

АҚШ қалаларында Трампқа қарсы ереуілдер өтіп жатыр

Америка қоғамының либералдық бөлігі Трамп күш қолдана ма деп үрейленеді

АҚШ-тың TikTok-ты сатып алу жөніндегі келісімі тоқтатылды

Ақ үй қытайлық компания американдық пайдаланушылардың деректерін қалай өңдейтініне алаңдайды

Қытай АҚШ тауарларына 34%-дық кедендік баж салығын енгізді