АҚШ-та заңсыз мигранттарды депортациялау басталды

Арман Қайыпхан

  • 25.01.2025

АҚШ-та заңсыз мигранттарды депортациялау науқаны басталып, алғашқы 79 мигрант Гватемалаға қайтарылды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақпаратқа сәйкес, Biggs Army әскери аэродромынан (Техас штаты) ұшқан әскери ұшақ Гватемалаға бағыт алған. Бортта 79 мигрант болған.

Президент Трамп бүкіл әлемге анық әрі қатал сигнал жіберіп жатыр: АҚШ-қа заңсыз кірсеңіз, қатаң шаралар қолданылады, деп жазды Ақ үйдің өкілі әлеуметтік желіде.

Иммиграциялық және кедендік полиция (ICE) ел бойынша 500-ден астам мигрантты ұстады. Ұсталғандардың ішінде 373 адам қылмыстық айыптаулар бойынша; 165 адам басқа себептермен қамауға алынған.

Трамп әкімшілігі мигранттарды қамауға алу және елден шығару бойынша қатаң саясат жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Министрлік ICE-ке мигранттарды мектептер мен шіркеулер секілді бұрын қорғалған орындарда да ұстауға рұқсат берді. Бұрынғы әкімшіліктер мұндай әрекеттерді шектеген еді.

Қылмыскерлер енді мектептер мен шіркеулерді паналап, жазадан құтылмайды, делінген ведомствоның хабарламасында.

Фото: Whitehouse.com

Байланысты жаналықтар

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

14.04.2025

Трамп бір жыл ішінде 1 миллион мигрантты депортацияламақ

14.04.2025
MalimBlocks
Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

Ол тыңдарманына алғысын жеткізді.

Трамп бір жыл ішінде 1 миллион мигрантты депортацияламақ

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың әкімшілігі елдегі мигранттарды жаппай депортациялауды қайта қолға алып, алғашқы жылы ішінде 1 миллион адамды елден шығаруды мақсат етіп отыр