АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Арман Қайыпхан

  • 17.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі Бриджит Бринк өз қызметінен кетуінің себебін АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресеймен жақындасуымен түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

«Өкінішке қарай, Трамп әкімшілігінің саясаты басынан бастап агрессор – Ресейге емес, құрбан – Украинаға қысым көрсетуге бағытталды. Сондықтан мен үкімет саясатын адал жүзеге асыра алмайтынымды түсініп, отставкаға кетуді өзімнің азаматтық борышым деп санадым», – деп жазды Бринк Detroit Free Press газетінде жарияланған мақаласында.

Бринк АҚШ мүдделерін қорғаудың жалғыз жолы – «демократияларды қорғап, автократтарға қарсы тұру» екенін атап өтті.

«Кез келген бағамен орнатылған бейбітшілік – бұл шын мәнінде бейбітшілік емес, бұл — бас ию. Ал тарих бізге бірнеше рет бас июдің қауіпсіздік пен өркендеуге емес, жаңа соғыстар мен азапқа әкелетінін көрсетті», – делінген мәтінде. «Бас ию» дегенде 1930-жылдары Франция мен Ұлыбританияның нацистік Германияға жасаған ымырашыл саясаты меңзеліп отыр, деп нақтылайды AFP агенттігі.

Дипломат Ресейдің Украинадағы әрекеттерін «нағыз зұлымдық» деп атады.

«Біз (АҚШ) бұл соғысты қалай еңсеретініміз – достарымызға да, жауларымызға да көп нәрсе айтады», – деді Бринк.

Бриджит Бринк Мемлекеттік департаментте 30 жылға жуық қызмет атқарды. 2022 жылдың көктемінде Киевке елші болып тағайындалғанға дейін Бринк Словакия, Өзбекстан және Грузияда жұмыс істеген. Ол – Шығыс Еуропа мен Кавказ бойынша маман, орыс тілін меңгерген.

Сондай-ақ, Украинаға әскери көмек көрсетуге үздіксіз қолдау білдірген саясаткер ретінде танымал.

Бриджит Бринк өз еркімен отставкаға кететіні туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті 2025 жылдың 10 сәуірінде хабарлады. The Financial Times газетінің тілшісі Кристофер Миллердің айтуынша, Бринктің шешіміне Трамп әкімшілігінің саясатына келіспеушілік пен жеке себептер әсер еткен.

Фото: Aziz Karimov/Pacific Press/picture alliance

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

Зеленский Анкараға жетті