АҚШ Украинамен барлау деректерін алмасуды да тоқтатты

Арман Қайыпхан

  • 05.03.2025

Бұл шешім майданда Украина күштерінің Ресей әскеріне шабуылдау қабілетін едәуір шектеуі мүмкін екені ашық айтылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Аталған басылымның дереккөзі АҚШ Киевпен барлау деректерін алмасуды тоқтатқанын мәлімдеп отыр.

Бұған дейін АҚШ барлау қызметімен әріптестіктің нәтижесінде Украина күштері Ресейдің әскери нысаналарын анықтап, соққы жасай алған еді. 

Еске салайық, жақында АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға әскери көмекті тоқтатқан болатын. "Енді барлау деректерін алмасуды тоқтату Украина күштеріне едәуір әсер етеді" деп болжайды сарапшылар.

Яғни, мұндай қадам олардың Ресей әскеріне шабуылдау мүмкіндігін айтарлықтай шектемек. 

Сонымен қатар, тағы да бір дереккөз АҚШ Ресей мен Украина бойынша өзге одақтастарымен әлі де барлау деректерін алмасып отырғанын жеткізді. Оның арасында Ұлыбритания да бар.

Сол-ақ екен, АҚШ Ұлыбританияға да Украинамен әскери барлау деректерін бөлісуге тыйым салғаны туралы ақпарат тарады. 

Вашингтонның жаңа шешімінде британдық арнайы қызметтер мен қорғаныс ведомстволарына АҚШ-тан алынған барлау ақпаратын Киевке беруге қатаң тыйым салынған. Бұған дейін "Rel UKR" (Releasable to

Ukraine – Украинаға жіберуге болатын ақпарат) белгісімен мұндай мәліметтер Украинаға берілуі мүмкін еді. 
Соңғы үш жыл ішінде Ұлыбритания, Австралия және Жаңа Зеландия Украинаға АҚШ-пен бірге құпия әскери ақпараттарды жеткізіп отырған. 

Британдық әскери барлау сарапшысы Фил Ингрэмнің сөзінше, бұл күтпеген шешім емес. 

АҚШ өз одақтастарына Украинаға берілетін барлау ақпаратын шектеуді бұйырды. Бұл қадам Киевтің қорғаныс қабілетіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін, – деді ол.

Қазіргі сәтте Ұлыбритания билігі мен АҚШ тарапы бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме бермеді. 
Фото: Getty Images 

Байланысты жаналықтар

Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

16.04.2025

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

15.04.2025
MalimBlocks
Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді