Ауғанстан әйелдердің бір-бірімен сөйлесуіне тыйым салды

Қыркүйек айында тәлібтер ізгілік және ар-ождан заңдарын жариялады

Malim Админ

  • 28.10.2024

Талибан билігі әйелдерге тек ер адамдармен ғана емес, басқа әйелдермен де ашық сөйлесуге тыйым салды деп хабарлайды Malim.kz Bild агенттігіне сілтеме жасап.


Бұл туралы ізгілік министрі Халид Ханафи мәлімдеді. Әйелдер өз дауыстарын басқа ересек әйелдерне естіртпеуі керек. Осыған сәйкес, тәліптер тіпті Құранды басқа әйелдердің қатысуымен дауыстап оқуға тыйым салды.

Тәліптер саясаты адам құқығын таптауды жалғастырып жатыр. Ауғанстанда әйелдерге білім алуға, спортпен айналысуға, ер адамның серігінсіз саяхаттауға, сұлулық салондарына немесе әйелдерге арналған баспаналарға баруға тыйым салынған. Қыркүйек айында тәлібтер ізгілік және ар-ождан заңдарын жариялады. Ол 114 беттен тұратын 35 бапты қамтиды. Бұл ережелер әйелдерге ән айтуға және көпшілік алдында оқуға тыйым салады. Өйткені олардың дауысы интимдік сипатта деп есептеледі. Сондай-ақ, әйелдерге жабық киім кию және бөтен ер адамдардың көзіне тік қараудан аулақ болу талап етілген.

Бұрын ер адамдарға да тыйымдар салынған болатын. Оларға джинсы киюге, сақалдарын жұдырықтан қысқа қылып қыруға және сәнді шаш қиюға рұқсат жоқ.

Фото: stockphoto.com 

Байланысты жаналықтар

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

11.05.2025

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025

Әлемдегі ең бақытты қала аталды

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025
MalimBlocks
Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты

Әлемдегі ең бақытты қала аталды

Әлемдегі ең бақытты қалалардың рейтингі жарияланды

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады