Ауғанстанда су тасқынынан 33 адам қаза тапты

600-ден астам үй қирап, 200-ге жуық мал қырылған.

Malim Админ

  • 15.04.2024

Ауғанстанда жаңбыр суынан болған тасқыннан 33 адам қаза тауып, 27 адам зардап шеккен, деп хабарлайды DW.

Талибан өкілі, Төтенше жағдайлар министрі Абдулла Жанан Сайек 12 сәуірде Ауғанстан астанасы Кабулда және басқа аймақтарда су тасқыны тіркелгенін хабарлады. Оның айтуынша, 600-ден астам үй қирап, 200-ге жуық мал қырылған. Су тасқыны 800 гектарға жуық алқап пен 85 шақырымнан астам жолға зиян келтірген.

Жергілікті гидрометеорологиялық қызмет Ауғанстанның провинциясының көпшілігінде алдағы күндері жаңбыр жауады деп ескертті. Жауын-шашынның көп бөлігі Газни, Кабул, Кандагар және Нангархар провинцияларына жауады деп болжанған.

Фото: DW

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025

Құтқарушылар ел солтүстігіндегі бөгеттерді нығайтып жатыр

26.04.2025

Су тасқыны: Солтүстіктегі ауыл тұрғындарын эвакуациялау жүргізілуде

25.04.2025
MalimBlocks