Байден Израиль мен Ливандағы «Хезболланың» бітімге келгенін айтты

«Бұл соғыс қимылдарын біржолата тоқтату керек, – деді Байден. – Хезболла мен басқа да лаңкестік ұйымдардың қалдықтары бұдан былай Израильдің қауіпсіздігіне қатер төндірмейді».

Аялдар Күнтуған

  • 27.11.2024

Байденнің әкімшілігі енді Газадағы қақтығысты тоқтату үшін бәрін жасамақ. Бұл туралы «Америка дауысы» жазды.

Джо Байденнің сөзінше, Израиль мен Ливандағы «Хезболла» арасындағы бітім сәрсенбі күні күшіне енеді.

«Өткен жылы Газадағы соғыс басталғаннан бері мыңдаған адамның өмірін қиған қақтығысты тоқтатуға осы келісім жол ашады, деді Байден.

Израильдің Қауіпсіздік кеңесі келісімді 10-1 дауыспен мақұлдағаннан кейін көп ұзамай Ақ үйде сөйлеген Байден Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Ливан премьер-министрі Наджиб Микати арасындағы келіссөздер туралы хабарлады.

«Бұл соғыс қимылдарын біржолата тоқтату керек, – деді Байден. – Хезболла мен басқа да лаңкестік ұйымдардың қалдықтары бұдан былай Израильдің қауіпсіздігіне қатер төндірмейді».

Израиль 60 күн ішінде өз күштерін біртіндеп шығарады, ал Ливан армиясы Хезболланың аймақтағы инфрақұрылымын қалпына келтіре алмайтындығына кепілдік беру үшін Израильмен шекаралас аумақты бақылауға алады.

«Екі жақтың бейбіт тұрғындары жақын арада өз қауымдастықтарына аман-есен орала алады», – деді ол.

Джо Байден өзінің әкімшілігі Газадағы атысты тоқтатуды талап етіп жатқанын және Сауд Арабиясы мен Израильдің қарым-қатынасын қалыпқа келтіруі мүмкін екенін мәлімдеді.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Израиль мен Хезболла арасындағы бітім жарияланғаннан кейін мыңдаған адам Ливанның оңтүстігіне үйлеріне оралу үшін ағылған. Бейрутты оңтүстік аудандармен байланыстыратын тас жолда көлік кептелісі болған.

Фото: «Орда» сайты

Байланысты жаналықтар

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

11.05.2025

АҚШ хуситтерге шабуылды тоқтататын болды

07.05.2025

Йемендік хуситтер бірнеше аймағына АҚШ-тың соққы жасағанын хабарлады

06.05.2025

Израиль Сириядағы әскери нысандарға шабуыл жасады

03.05.2025

Тоқаев Израиль Кнессетінің төрағасын қабылдады

08.04.2025

Газада 17 мыңнан аса бала қаза тапқан

06.04.2025
MalimBlocks
Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

АҚШ хуситтерге шабуылды тоқтататын болды

Бұл туралы Трамп Канада премьер-министрімен кездесуінде айтты

Йемендік хуситтер бірнеше аймағына АҚШ-тың соққы жасағанын хабарлады

Әуе соққысынан 16 адам зардап шекті

Израиль Сириядағы әскери нысандарға шабуыл жасады

Тоқаев Израиль Кнессетінің төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Кнессетінің төрағасы Амир Охананы қабылдады

Газада 17 мыңнан аса бала қаза тапқан

Палестина Білім министрлігі 2023 жылғы 7 қазаннан бастап Израильдің әскери әрекеттері салдарынан Газа секторында 17 мыңнан аса баланың қаза тапқанын мәлімдеді