Байден Украинаға 8 млрд доллар көлемінде әскери көмек берді

Бұл туралы ол Владимир Зеленскийдің Вашингтонға сапары кезінде мәлімдеді

Мадина Қайнарова

  • 27.09.2024

АҚШ Украинаға көлемі 8 миллиард доллардан асатын әскери көмек береді. 

Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден Украина президенті Владимир Зеленскийдің Вашингтонға сапары кезінде мәлімдеді.

Зеленский Байден мен Конгреске жаңа әскери көмек пакеті үшін алғыс айтты. Ол Х медиа платформасында Украина берілген қаражатты «тиімді және ашық түрде» пайдаланатынын айтты.

Пакетке 81 мильге (130 км) дейін қашыққа ұшатын жоғары дәлдікті Joint standoff weapon бомбасының алғашқы жеткізілімі кіреді.

- АҚШ үш жылға жуық уақыттан бері Ресей агрессиясынан бостандығын қорғап жатқан Украина халқын қолдау үшін бүкіл әлемнің күш-жігерін біріктірді. Менің әкімшілігімнің басты басымдықтарының бірі -Украинаға жеңіске жету үшін қажетті қолдау көрсету, - деп атап өтті Байден өз мәлімдемесінде.

Жаңа көмектің негізгі бөлігі - 5,5 миллиард доллар келесі дүйсенбіге дейін бөлінуі керек. Тағы 2,4 миллиард доллар Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бастамасы арқылы бөлінеді. Осы арқылы Украинаға қару-жарақты америкалық арсеналдардан емес, компаниялардан сатып алуға мүмкіндік жасалады.

Бұл Киевке қосымша әуе қорғанысын, оқ-дәрілері мен ұшу аппараттарын алуға мүмкіндік беріп, Украинаның қорғаныс өнеркәсібін нығайтады, деп түсіндірді Байден.

Қорғаныс министрлігі Украинаға қосымша Patriot әуе қорғанысы батареясын және Patriot зымырандарын жөндеп бермек.

Сондай-ақ президент Пентагонға украиналық F-16 ұшқыштарын даярлауды кеңейту туралы бұйрық берді, нақты айтқанда келесі жылы тағы 18 ұшқышты даярлауға қолдау көрсетеді.

Ресейге қарсы санкциялардан жалтаруға және ақшаның ізін жасыруға қарсы күресте АҚШ  «жаһандық криптовалюта желісін» жою үшін халықаралық серіктестермен жұмысын үйлестіреді.

Байден келесі айда Германияда Украинаны қолдайтын 50-ден астам елдің күш-жігерін үйлестіру үшін Украинаны қорғау жөніндегі байланыс тобының көшбасшылар деңгейіндегі кездесу өтетінін айтты.

Байденмен жоспарланған кездесу алдында Зеленский Капитолийдегі демократтар мен республикашылардың жетекшілерімен де жүздесуі керек.

Дереккөз және фото: golosameriki.com

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек