Бакудегі Ресейдің «Sputnik-Әзербайжан» агенттігінің кеңсесінде операция жүргізілуде

Malim.kz сайтының 1news.az-қа сілтеме жасап хабарлауынша, кеңсе ғимараты құқық қорғау органдарының бақылауына алынды.
ІІМ «Sputnik-Әзербайжан» ақпарат агенттігінің кеңсесінде полиция операциясы жүргізіліп жатқанын растады.
Ведомствоның баспасөз қызметі бұл жағдайға байланысты қосымша ақпарат берілетінін атап өтті.
Qafqazinfo-ның хабарлауынша, кеңсе ғимараты құқық қорғау органдарының бақылауына алынған.
Еске салайық, бұған дейін агенттіктің Әзербайжандағы қызметі ресми түрде тоқтатылған болатын. Алайда келіп түскен мәліметтерге қарағанда, соған қарамастан «Sputnik-Әзербайжан» жұмысын жалғастырып, агенттік қызметкерлері жұмысқа шыққан.
Қазіргі уақытта ресми органдар оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі мәлімдеме жасаған жоқ.
Бұған дейін Баку Екатеринбургте әзербайжандықтардың ұсталуынан кейін Ресейдің мәдени шараларын өткізуден бас тартқан болатын.
Фото: 1news.az


Ең көп оқылған
