Bloomberg: Ким Чен Ын камикадзе дрондарын шығармақшы

KCNA дрондар «әртүрлі тактикалық бағыттар бойынша нысанаға дөп тиді» деп жазады.

Malim Админ

  • 15.11.2024

                                Фото: Интерфакс

КХДР көшбасшысы елде камикадзе дрондарын жаппай шығаруды тапсырды, деп жазады Bloomberg Солтүстік Корея БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Кореяның орталық ақпарат агенттігі (KCNA) осы жұмада Кимнің «үш айдан аз уақыт ішінде екінші рет» дрондар өндірісіне тексеру жүргізгенін хабарлады. Агенттік дронның көліктің үстінен ұшып бара жатқанын көрсететін фотосуреттерді жариялаған. Аздан соң сол көлік жалынға оранды.

KCNA дрондар «әртүрлі тактикалық бағыттар бойынша нысанаға дөп тиді» деп жазады.

Ресеймен әскери одақтастығы нығайған тұста Солтүстік Кореяның жаңа қару-жарақ жасау мүмкіндігі арта түскен. Бұдан Ким Чен Ын режимі ресейлік әскери технологияға қол жеткізе бастады ма деген сұрақ туындайды.

Украинамен соғысып жатқан Ресей түрлі пилотсыз жүйелерді, соның ішінде камикадзе дрондарын өндіруді жеделдете түскен.

Маусым айында Владимир Путин мен Ким Чен Ын өзара қорғаныс стратегиясын қамтитын жан-жақты серіктестікке қол қойды. Ал күзде Солтүстік Кореяның әскерлері Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін Ресейге жіберілгені белгілі болды.

Байланысты жаналықтар

Зеленский Ким Чен Ынға сәлем жолдады

13.01.2025

Зеленский: Солтүстік Кореяның 3000-нан астам әскері өлді

24.12.2024

G7: Солтүстік Корея соғысты ушықтырып отыр

16.12.2024

Ресей Солтүстік Кореяны заңсыз мұнаймен қамтып отыр

22.11.2024
MalimBlocks
Зеленский Ким Чен Ынға сәлем жолдады

Зеленский: Солтүстік Кореяның 3000-нан астам әскері өлді

G7: Солтүстік Корея соғысты ушықтырып отыр

Ресей Солтүстік Кореяны заңсыз мұнаймен қамтып отыр

Солтүстік Корея Ресейге берген қару-жарағы мен соғысқа аттандырған сарбаздары үшін Ресейден мұнай алып отыр