457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ким Чен Ын Ресей-Украина соғысында қаза тапқан сарбаздарының рухына тағзым етті

Ким Чен Ын Украинаға қарсы Ресейдің соғысында қаза тапқан КХДР сарбаздарының рухына тағзым етті,-деп хабарлайды Malim.kz Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.   


КХДР көшбасшысы Пхеньянда өткен рәсім барысында Ресей жағында соғысқан сарбаздың табытына КХДР туын жапты. Бұл сәттер 1 шілдеде КХДР мемлекеттік телеарнасында көрсетілді. Солтүстік Корея басшысын Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимова ертіп жүрді.

Хабарламаға сәйкес, бұл рәсім 29 маусым күні өтіп, Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери келісімге қол қойылған күннің жылдығына орай ұйымдастырылған.

Солтүстік Корея - Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылық соғысындағы ең маңызды жақтастарының бірі. Сәуір айында Пхеньян Ресейге қару жеткізгенін және әскер бөлімшелерін жібергенін растады. Бұл бөлімшелер, атап айтқанда, Курск облысында соғысқан. Оңтүстік Кореяның мәліметінше, бұл шайқастарда шамамен 600 солтүстіккореялық сарбаз қаза тауып, мыңдайы жараланған.   

Фото: REUTERS