457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Болгария 2026 жылы еуроға өтеді

Еуропалық комиссия Болгарияның еуроға өтуіне келісім берді, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Брюссель 4 маусым күні таратқан мәлімдемеде елдің 2026 жылы бірыңғай еуропалық валютаға көшу үшін қажетті талаптарды орындағаны айтылды.

«Бүгін Болгария еуроны қабылдауға бір қадам жақындай түсті», – деді Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен. Оның айтуынша, бұл қадам арқылы Шығыс Еуропа елі «еуроаймақтың негізгі шешімдерін қалыптастырудағы заңды орнын» алады.

Еуропалық орталық банк (ЕОБ) те Болгария экономикасын еуроға көшуге жеткілікті дайын деп таныды. ЕОБ бас экономисі Филип Лейннің сөзінше, София үкіметі қажетті реформаларды жүзеге асыру үшін зор күш салған. Бұған дейін Болгария бірнеше жыл қатарынан еуроға өтуді мақсат тұтқанымен, жоғары инфляция себебінен ол мүмкін болмаған. Өйткені еуроаймаққа қосылудың басты талаптарының бірі – тұрақты баға деңгейі.

2024 жылы Болгариядағы инфляция 2,7 пайызды құрады — бұл көрсеткіш қажетті деңгейден сәл ғана төмен. Айта кетейік, болгар леві 2020 жылдан бері еуроға қатысты тұрақты айырбас бағамы арқылы байланыстырылған.

Егер жоспарланған мерзімде шешім қабылданса, Болгария 2026 жылдың 1 қаңтарында еуроаймақтың 21-мүшесі және ең кедей елі атанады.

Бұл шешімді ЕО елдерінің қаржы министрлері шілде айында мақұлдауы керек.

Сонымен қатар, Болгария 2025 жылдың басынан бастап Шенген аймағының толыққанды мүшесі болады.

Фото: Christin Klose/dpa/picture alliance