457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Латыш полициясы орыс тілді кибербандыны әшкереледі. 49 миллион "қолданушы" ғайып болды.

Бұл туралы malim.kz тілшісі Around Prague ресурсына сілтеп хабарлайды. Латвия құқық қорғау органдарды халықаралық Europol-мен бірлесе отырып, Еуропа елдеріндегі мыңдаған кибершабуылға қатысы бар ірі халықаралық қылмыстық топтың мүшелерін ұстады. Олардың құрбандары миллиондаған еуродан айырылған. «SIMCARTEL» операциясының нәтижесінде 5 сервер, 1 200 SIMBox қондырғысы мен 40 мың белсенді SIM-карта тәркіленді.

Австрия, Эстония және Латвия тергеушілері осы бандыға қатысы бар - Австрияда 1 700, Латвияда - 1 500 қылмыс тіркеген.

Қылмыстық топ SIMBox технологиясын пайдаланған. SIMBox - бірнеше SIM-картаны белсенді ұстап тұра алатын құрылғы. Олардың көмегімен желіге телефон арқылы шыққандай қосылуға болады. Осылайша, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде миллиондаған жалған қолданушы пайда болып, топтың қылмыстық мақсаттарына жұмыс істеген.

Жалған қолданушылардың саны орасан.Тергеушілер барлығы 49 миллион жалған аккаунттың ізін тапқан. Бірақ Europol өкілі мұны "бұл - бер жағы ғана" деп отыр.