Еуропада зират туризмі танымал бола бастады

Еуропада саяхаттың жаңа бағыты пайда болды. Туристер атақты мұражайлар мен кофе орындарының орнына зираттарды аралауға бет бұруда.
Саяхатшылардың айтуынша, мұндай ерекше бағыттар елдің тарихын, мәдениетін және рухани дүниесін басқа қырынан тануға мүмкіндік береді.
Кино режиссер әрі өзін тафофил деп атайтын Джоно Намара зираттарды «ашық аспан астындағы мұражайлар» деп сипаттайды. Ол Лондондағы Карл Маркс жерленген «Керемет жетілік» зираты мен Париждегі Пэр-Лашез зиратын ерекше атап өтеді.
«Зираттарда елдің мәдениеті мен өмірге көзқарасын сезінуге болады. Онда туристік шу жоқ, тек тыныштық пен тарих бар», – дейді Намара.
Ұлыбританиядағы Бат университетінің профессоры Дэн О’Брайен де зират туризмін қызықты хобби деп санайды. Ол Эдинбург пен Лондондағы тарихи зираттарды ең әсерлі бағыттар қатарына қосады.
Сарапшылардың пікірінше, зират туризмі артық туристік ағыннан шаршаған еуропалықтардың тіршілігіне жаңа тыныс беріп отыр.
Фото: Jono Namara