457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

БҰҰ: Газа секторын қалпына келтіру ондаған жылдарға созылуы мүмкін

БҰҰ Газа секторындағы соғыс қимылдары тоқтағаннан кейін қалпына келтіру жұмыстарын мүмкіндігінше тезірек бастауға шақырды

БҰҰ Газа секторындағы соғыс қимылдары тоқтағаннан кейін қалпына келтіру жұмыстарын мүмкіндігінше тезірек бастауға шақырды. Бұл туралы Палестина аймақтарына көмек көрсету бағдарламасының (ПРООН) өкілі Яко Силлиерс 14 қазан күні Женевада өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz

Оның айтуынша, қалпына келтіруді бастау үшін алдымен қираған ғимараттардың үйінділерін тазарту және 55 миллион тоннадан астам құрылыс қалдықтарын шығару қажет.

«БҰҰ, Еуропалық Одақ және Дүниежүзілік банк жүргізген залалды және қажеттіліктерді жедел бағалау нәтижесінде, Газаны толық қалпына келтіру үшін шамамен 70 миллиард доллар (61 миллиард еуро) қажет болатыны анықталды», — деді Силлиерс.

Ол сондай-ақ халықаралық ұйымдар қай аймақтарды бірінші кезекте қалпына келтіру және қандай бағыттарға басымдық беру керектігін анықтап жатқанын атап өтті.

«Барлық аумақтар түгелдей қалпына келтірілмеуі мүмкін», — деді БҰҰ өкілі.

Оның айтуынша, алдағы үш жылда қалпына келтіру жұмыстарына шамамен 20 миллиард доллар (17,3 миллиард еуро) жұмсау жоспарланып отыр.

Яко Силлиерс жөндеу мен қалпына келтірудің нақты мерзімін атаудан бас тартты, бірақ бұл процесс қаржыландыру көлеміне байланысты ондаған жылдарға созылуы мүмкін екенін айтты.

Фото: Ebrahim Hajjaj/REUTERS