457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дрон тікұшақты атып түсірді: 12 адам қаза тапты

5 адам жарақат алған

Колумбияда пилотсыз ұшу аппаратының шабуылы салдарынан полиция тікұшағы құлап, ішінде болған 17 құқық қорғаушының арасында 12 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алған, деп хабарлайды Анадолы. 


Оқиға Антиокия департаментінің Амалфи муниципалитетінің ауылдық аймағында болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, апат салдарынан 12 полицей қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды. Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Антиокия губернаторы Андрес Хулиан Рендонның айтуынша, қаза тапқан тікұшақ кока егістіктерін қолмен жоюмен айналысқан қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген. Оның сөзінше, шабуыл пилотсыз ұшу аппаратын қолдану арқылы жасалған.

Билік бұл шабуылға бұрынғы «Колумбияның қарулы революциялық күштері» (FARC) ұйымымен байланысы бар Estado Mayor Central (ЕМС) тобының 36-фронтын жауапты деп отыр.

Аймақтағы қауіпсіздік күштері оқиғаның мән-жайын анықтау және кінәлілерді ұстау операциясын жалғастырып жатыр.

Фото: ашық дереккөз