457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ердоған Путиннің ұсынысын қолдады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Malim.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, Ердоған әріптесі Путинге Стамбулда тоқтаған жерден Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздердің жалғасуына қолдау білдіргені үшін қуанышты екенін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Владимир Путин Украинаға тікелей келіссөздерді қайта жандандыруды және оларды Стамбулда өткізуді ұсынған болатын. Бұл ұсынысқа Украина президенті Владимир Зеленский оң көзқарас танытып, мұны «жақсы жаңалық» деп бағалап, алдағы оқиғалардан оң нәтиже күтетінін білдірген.

Фото: aa.com.tr