Еуроодақ басшысы Украинаны тезірек қатарына өтуге шақырды
Бұл қауіпсіздіктің ең сенімді кепілі бола алады, - деді Еурокомиссия басшысы

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақ Украинаның қосылу процесін тездетуі керек деді. Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.
Біз Украинаның одаққа мүше болу жолын жеделдетуіміз керек. Бұл тек Украинаның ұмтылысы емес. Бұл қауіпсіздіктің ең сенімді кепілі бола алады, - деді Еурокомиссия басшысы.
Ол осы бағытта жұмыстар жасалып жатқанын, бірақ оны үдету керектігін жеткізді.
Біз Украинамен қосылу туралы келіссөздердің бірінші кластерін ашу және 2025 жылы барлық кластерлерді ашу үшін бар күш-жігерімізді жұмсап жатырмыз. Украинаның біздің одаққа қосылуы - Еуропалық одақтағы бейбітшіліктің ең үлкен кепілі, - деді Урсула фон дер Ляйен.
Фото: РИА новости