Еуропа АҚШ-қа қарсы енгізілетін баж салығын 90 күнге шегерді

Еуропалық одақ АҚШ тарапынан сауда шектеулерінің тоқтатылуына жауап ретінде, Америкадан келетін тауарларға қарсы баж салығын енгізуді 90 күнге кейінге қалдырады. Бұл туралы 10 сәуір, бейсенбі күні Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.
«Президент Трамптың мәлімдемесін назарға алдық. Біз келіссөздерге мүмкіндік бергіміз келеді. Қазіргі уақытта мүше мемлекеттер тарапынан кең қолдау тапқан ЕО-ның қарсы шараларын қабылдау процесі жүріп жатыр, бірақ біз оларды 90 күнге кейінге қалдырамыз», – делінген оның мәлімдемесінде.
Сонымен қатар, фон дер Ляйен келіссөздер сәтсіз аяқталса, қарсы шаралар күшіне енетінін атап өтті.
«Мен бұған дейін айтқанымдай, барлық нұсқа келіссөз үстелінде қаралуда», – деді ол.
Фото: Evan Vucci/AP/picture alliance
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
