Фон дер Лейен Еуроодақ комиссиясының төрағасы болып қайта сайланды

Мұндай шешімді Еуропарламент қабылдады

Арман Қайыпхан

Урсула фон дер Лейен екінші мерзімге Еуропалық комиссияның төрағасы болып қайта сайланды, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Мұндай шешімді Еуропарламент қабылдады. Неміс саясаткерінің кандидатурасын 401 депутат қолдады, 284-і қарсы дауыс берді, 15-і қалыс қалды.   

Фон дер Лейен Еуропалық одақтың қорғаныс мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге шақырады.

Біздің алдағы 5 жылдағы жұмысымыз нағыз еуропалық қорғаныс одағын құруға бағытталатын болады, - деді ол.

Ол бұрын Еурокомиссия құрылымында болмаған қорғаныс жөніндегі еурокомиссар лауазымын енгізуді ұсынды. Жаңа комиссар "Еуропалық одақ туралы" шартқа сәйкес ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілімен, Еурокомиссия басшысының орынбасарымен тығыз ынтымақтастықта болады" делінген құжатта. 

Фон дер Лейен қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы бірқатар жобаларды ілгерілетуге ниетті.

Атап айтқанда, оның бағдарламасында жалпыеуропалық әуе қалқаны мен киберқорғау бағдарламасын құру, еуропалық қорғаныс қорын, қорғаныс секторының өнімдерінің нағыз жалпыеуропалық нарығын құру туралы айтылады. Дегенмен оның айтуынша, НАТО "біздің ұжымдық қорғанысымыздың негізгі тірегі" болып қала береді.

Сонымен қатар, Урсула фон дер Лейен Frontex атты Еуропалық шекара және жағалау күзеті агенттігін нығайтуға ниетті. Ол үшін ол агенттік қызметкерлерінің санын үш есе көбейтіп, Europol ЕО полиция қызметін де дамытпақ.

Ол заңсыз мигранттарды ЕО-дан депортациялау мәселесіне жаңа көзқарас қалыптастыруға, сондай-ақ бұл мәселеде транзиттік елдермен және мигранттар ЕО-ға келетін мемлекеттермен ынтымақтастықты тереңдетуге уәде береді.

Оның бағдарламасында балалар мен жасөспірімдерді депрессиядан және басқа да психикалық аурулардан қорғау мақсатында әлеуметтік желілерді қатаң реттеу жоспарлары туралы айтылады.

Фото: Jean-Francois Badias/AP/picture alliance

Байланысты жаналықтар

Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды

08.05.2025

Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау рәсімі басталды

07.05.2025

Еуроодақ басшысы Украинаны тезірек қатарына өтуге шақырды

07.05.2025

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

06.05.2025

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

27.04.2025

Украина билігі президент сайлауын өткізуге келісті

22.03.2025
MalimBlocks
Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды

Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау рәсімі басталды

Еуроодақ басшысы Украинаны тезірек қатарына өтуге шақырды

Бұл қауіпсіздіктің ең сенімді кепілі бола алады, - деді Еурокомиссия басшысы

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

Украина билігі президент сайлауын өткізуге келісті