Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

Арман Қайыпхан

  • 06.05.2025

2025 жылғы 6 мамырда Германияның Христиан-демократиялық одағының (ХДО) көшбасшысы Фридрих Мерц (Friedrich Merz) екінші дауыс беру нәтижесінде Германия Федералдық Республикасының канцлері болып сайланды, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Бундестагтың 325 депутаты оның кандидатурасын қолдап дауыс берді, ал бұл қызметке өту үшін кемінде 316 дауыс қажет болатын.

Алғашқы дауыс беру кезінде Мерц тек 310 дауыс жинап, қажетті межеден төмен қалған. Бұл – Германия тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға. Осы себепті Бундестаг отырысы уақытша тоқтатылып, коалициялық кеңесулер өткізілді.

Христиан-демократиялық және Баварияның Христиан-социалдық одақтарының (ХДО/ХСО) өкілдері алғашқы сәтсіздіктен кейін жаңа билік коалициясындағы серіктестері – Германияның Социал-демократиялық партиясын (СДПГ) саботаж жасады деп айыптады. ХДО бас хатшысы Карстен Линнеман «Еуропаға мықты Германия керек. Сол себепті біз бірнеше күн күте алмаймыз», – деп мәлімдеді.

Алайда СДПГ өкілдері өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарды.

«Біздің тараптан толық қолдау болды, ешкім дауыс беруден қалыс қалған жоқ», – деп келтіреді Reuters агенттігі СДПГ фракциясының жетекшісі Ларс Клингбайльге (Lars Klingbeil) жақын дереккөздің сөзін.

«Союз 90/Жасылдар» партиясы болса, Мерцті қолдауға құлықсыз екендерін ашық айтты. Фракция теңтөрағасы Катерина Дрёге «Біз елді қате бағытқа бастап бара жатқан үміткерге сенім арта алмаймыз», – деді.

Дегенмен, ол да екінші дауыс беруді кейінге қалдырмай өткізуді қолдаған.

Фото: Kay Nietfeld/dpa/picture alliance

Байланысты жаналықтар

Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау рәсімі басталды

07.05.2025

Тоқаев Фридрих Мерцті Германияның Канцлері болып сайлануымен құттықтады

07.05.2025

Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирде жеңіске жетті

05.05.2025

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

02.05.2025

Трамп тарифтерінен кейін неміс автоөндірушілері шығынға батты

01.05.2025

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

27.04.2025
MalimBlocks
Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау рәсімі басталды

Тоқаев Фридрих Мерцті Германияның Канцлері болып сайлануымен құттықтады

Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирде жеңіске жетті

Жібек Құламбаеваның еншісінде 40 ITF жүлде бар

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

Трамп тарифтерінен кейін неміс автоөндірушілері шығынға батты

Mercedes-Benz және Volkswagen концерндерінің операциялық пайдасы 40 пайызға төмендеді

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды