Инаугурацияға 10 күн қалғанда Трампқа үкім шығатын болды

Мамыр айында қазылар алқасы бірауыздан Трампты өзіне тағылған айыптың 34 бабы бойынша кінәлі деп тапты

Malim Админ

  • 04.01.2025

АҚШ президенті болып таңдалған Дональд Трампты ұлықтау салтанатына он күн қалғанда бұрын жасаған қылмысы үшін үкім шығарылытаны белгілі болды. Бұл туралы BBC жазды.


Порно жұлдыз Сторми Дэниэлске ауызбастырық ретінде ақша төлегенін жасырып, жазбаларды бұрмалағаны үшін Дональд Трамптың сот процесіне төрағалық етіп жатқан Йорк Хуан Мерчан АҚШ-тың сайланған президентін ұлықтау рәсіміне 10 күн қалғанда, яғни 10 қаңтарда үкім шығаратыны туралы шешім қабылдады.

Судья Трампты нақты түрме жазасына кесуге ниетті емес екенін ескертіп, сотталушыға сот үкімі бойынша жеке өзі де, бейнебайланыс арқылы да қатысуға рұқсат берді. Сондай-ақ, судьяның ұйғарымынан оның айыппұл немесе пробациялық бақылау сияқты жеңілдетілген жазаларды тағайындауға да ниеті жоқ екенін айтты.

Мамыр айында қазылар алқасы бірауыздан Трампты өзіне тағылған айыптың 34 бабы бойынша кінәлі деп тапты. Алайда, ол өз кінәсін мойындаған жоқ. Судья бұрынғы және болашақ президентті жазалайтын үкімді жариялау бірнеше рет кейінге қалдырылып, қараша айында өткен президенттік сайлауда Трамп жеңіске жеткеннен кейін оның адвокаттары президенттің иммунитетіне байланысты істі тоқтатуды ұсынды.

Қазіргі уақытта бұл Трампқа қатысты үкім шығарған жалғыз қылмыстық іс болмақ, дегенмен саясаткер Нью-Йорк штатының соттарына шағымдана алады. Трампқа қарсы екі федералды іс ол сайланғаннан кейін тоқтатылды, өйткені Әділет министрлігі президентті қудалау конституцияға қайшы деп мәлімдеді. Джорджиядағы сот процесі прокурор Фани Уиллистің сайлау құқығынан айыруына байланысты бірнеше ай бойы тоқтап қалды.

Өткен жылдың сәуір айында Нью-Йоркте Дональд Трампқа қатысты аталған сот басталған болатын.

Фото: asiaplustj.info

 

Байланысты жаналықтар

Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

16.04.2025

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

15.04.2025
MalimBlocks
Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді