Иран Израильге ескерту жасады: Біз соғысты қаламаймыз, бірақ бұдан да жойқын соққы бере аламыз

Израиль қорғаныс армиясының өкілі Даниэль Хагари Тегеранның әрекеті ауыр зардаптарға әкелетінін айтып отыр

Мадина Қайнарова

  • 02.10.2024

Иран Израиль олардың соққысына жауап берген жағдайда Тегеранның реакциясы «бұдан да жойқын» болатынын мәлімдеді.

Айта кетсек, кеше кешке Иран Израильді баллистикалық зымырандармен атқылаған болатын.

Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранның жасаған шабуылына жауап беретіндерін айтты. Ал Израиль қорғаныс армиясының өкілі Даниэль Хагари Тегеранның әрекеті ауыр зардаптарға әкелетінін айтып отыр. Оның сөзінше, израильдік және американдық әуе қорғанысы жүйелері Ираннан ұшырылған зымырандарға қарсы тиімді жұмыс істеген.

- Иран Таяу Шығыстағы шиеленісті ушықтырып отыр. Бұл жағдайдың салдары ауыр болмақ, - деді ол.

Иранның шабуылынан кейін бірнеше сағат өткен соң израильдік әскерилер Бейруттағы «Хезболланың» нысандарына жаңа соққы жасады. Бірақ оған дейін Израильдің қорғаныс армиясы жергілікті тұрғындарға қауіпсіз жерге көшу қажет екенін ескертті.

Ал Иран билігі Израильдегі әскери нысандарға ғана соққы бергендерін және соғысты қаламайтынын мәлімдеді. Дегенмен, қорғануға дайын екендерін жеткізді.

Бұған дейін Ислам революциясының қамқоршылар корпусы өздерінің әрекеттерін Тегеранда ХАМАС көшбасшысы Исмаил Ханияның өлтірілуіне, сондай-ақ өткен сенбіде Бейрутта «Хезболла» жетекшісі Хасан Насралланың өліміне жауап болғанын айтқан еді. Сондай-ақ олар «егер Израиль бізге жауап беретін болса, онда бұдан да жойқын шабуылдарға тап болады» деп ескертті.

Иран президенті Масуд Пезешкиан әлеуметтік желіде Иранның мақсаты Израильге өз мүдделері мен азаматтарын қорғауға дайын екенін көрсету деп жазды. Оның айтуынша, Иран өзінің мүмкіндіктерінің бір бөлігін ғана көрсетті және бұл одан әрі шиеленісті ушықтырмаңдар деген Израиль билігіне ескерту болды.

Сейсенбі күні кешке Иранның Сыртқы істер министрлігінің басшысы Аббас Аракчи де әлеуметтік желіде Иран операциясының аяқталғанын жазды және Израиль жауап берген жағдайда Тегеранның реакциясы «бұдан да жойқын» болатынын мәлімдеді.

Фото:  Zeferli / istockphoto.com

Дереккөз: bbc.com

Байланысты жаналықтар

Иран Израиль шабуылына әлдеқайда күшті жауап қайырмақ

02.11.2024

Израиль қорғаныс министрі «Хезболланың» жаңа басшысына сес көрсетті

30.10.2024

«Хезболла» мерт болған Насралланың орнына жаңа басшы тағайындады

29.10.2024

Зерендідегі соғыс жауынгерлеріне қойылған ескерткішті бүлдіріп кеткен

27.10.2024

Израиль шабуылынан соң Иран БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне шықты

27.10.2024

Израиль шабуылынан кейін Иран өзін қорғауға міндетті екенін мәлімдеді

26.10.2024
MalimBlocks
Иран Израиль шабуылына әлдеқайда күшті жауап қайырмақ

Оған сол төңіректегі Израильге қарсы күштер де қосылмақ

Израиль қорғаныс министрі «Хезболланың» жаңа басшысына сес көрсетті

Наим Касем «Хезболла» қозғалысының бас хатшысы болып тағайындалған еді

«Хезболла» мерт болған Насралланың орнына жаңа басшы тағайындады

Ұйымның бұрынғы Бас хатшысы Хасан Насралла 27 қыркүйекте Израильдің соққысынан қаза тапқан

Зерендідегі соғыс жауынгерлеріне қойылған ескерткішті бүлдіріп кеткен

Полиция оларды іздеп жатыр

Израиль шабуылынан соң Иран БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне шықты

Иран әлемдік ұйымнан төтенше отырыс өткізуді сұрайды

Израиль шабуылынан кейін Иран өзін қорғауға міндетті екенін мәлімдеді

Сондықтан, Израильге жауап қатуға құқылы екенін жариялады