Иран корпус қолбасшысы Хоссейн Саламидың көз жұмғанын растады

Иран ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Хоссейн Саламидың қаза тапқанын ресми түрде растады, деп жазды Риа новости.
Хоссейн Салами мен ислам революциясының басқа да қорғаушылары шаһид болғаны туралы КСИР мәлімдеме жасады. Иран жақын арада халықты жаудың қылмыстық операциясы мен оған берілетін жауап шаралары туралы хабардар етеді, — делінген Ислам революциясы сақшылар корпусының мәлімдемесінде.
Бұған дейін Иран билігі Израильдің Тегерандағы тұрғын үйлерге, соның ішінде жоғары лауазымды әскери және шенеуніктер тұрған үйлерге соққы жасағанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ Натанз қаласындағы ядролық нысан мен елдің солтүстік-батысындағы ирандық әскери бөлімшелер орналасқан аймақтар да шабуылға ұшырағаны айтылды.
Фото: iran.ru

Ең көп оқылған
