Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза болды

Апат салдарынан Иран мемлекет басшысымен бірге болған Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан да көз жұмған.

Malim Админ

  • 20.05.2024

Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Mehr агенттігі. 

Агенттіктің хабарлауынша, апат салдарынан Иран мемлекет басшысымен бірге болған Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан да қайтыс болған. 

Ибрахим Раиси 1960 жылы 14 желтоқсанда Иранның Мешхед қаласында туған. 

2014-2016 жылдары Иранның бас прокуроры болды.

2017 жылы Раиси Ирандағы президент сайлауына қатысты. Алайда ол тек 38% дауыс жинап, жеңіліп қалды. Сол жылы екінші рет саяси додаға қатысқан Хасан Роухани президент атанды. 

2021 жылы Ибрахим Раиси Ирандағы президент сайлауында тәуелсіз үміткер ретінде өз кандидатурасын қайта ұсынып, жеңіске жетті.

Раиси үйленген. Оның жұбайы Джамиля Аламольхода - тегерандық Шахид Бехешти атындағы университеттің доценті. Ерлі-зайыптылардың екі қызы бар.

Бұған дейін 24.kz Иран президенті мінген тікұшақ жоғалып кеткенін хабарлаған болатын. Саясаткерлер көршілес Әзербайжанда су бөгетін ашу салтанатына қатысып, елге қайтып келе жатқан.

Фото: AP

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

11.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

Әшекей заттар мен қымбат киімдерден тартынатын дейді Президент

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады