Иран Трампқа ядролық қару бойынша келіссөз жүргізуден бас тартты

Malim Админ

  • 09.03.2025

Иранның жоғарғы басшысы аятолла Әли Хаменеи АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздерді қайта бастау туралы ұсынысынан бас тартты, деп хабарлайды DW.  

 

Мемлекеттік Irna ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аятолла Әли Хаменеи Тегеранда шенеуніктер мен әскери қызметкерлер алдында сөз сөйледі. Ол АҚШ-ты тікелей атамаса да, «агрессивті» үкіметтерді «қорқытып-үркітті» деп айыптап, Иранның «ешқашан олардың үмітін ақтамайтынын» мәлімдеді.

Олар қоғамда «неге біз келіссөздерге дайын екенімізді білдірсек те, Иран келіссөз жүргізуден бас тартып отыр?» деген күмән туғызуға тырысады. Бірақ олардың шынайы мақсаты — диалог емес, үстемдік орнату және өз ұстанымдарын мәжбүрлеп таңу (олардың ұстанымы - ред. DW), — деді Хаменеи.

Иранның Жоғарғы басшысының айтуынша, мәселе тек ядролық бағдарламада ғана емес. АҚШ Иранның қорғаныс және зымырандық бағдарламаларына, сондай-ақ оның халықаралық байланыстарына қатысты өз талаптарын қойып отыр.

Хаменеи келіссөздерден бас тартқанымен, Иранның ядролық бағдарламасы «қай жерде болса да» талқылануы мүмкін екенін айтты, бірақ нақты мәлімет бермеді.

Бұған дейін Дональд Трамп Иранды ядролық қару жөнінде келіссөздерге шақырған болатын.

Айта кетейік, Трамп Иранға «максималды қысым» көрсетуге бағытталған меморандумға қол қойған еді. Бұл құжат Тегеранның ядролық қару жасау мүмкіндігінен айыру мақсатында Иран мұнай экспортының қысқаруын да қамтиды.

Фото: ИРНА   

 

Байланысты жаналықтар

Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

16.04.2025

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

15.04.2025
MalimBlocks
Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді