Иран халқы Масуд Пезешкианды жаңа президенті етіп сайлады

Ол екінші турда 53,3% дауыс жинаған

Мәди Саматұлы

  • 06.07.2024

Ирандағы президент сайлауының екінші турында Масуд Пезешкиан жеңіске жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент сайлауының екінші кезеңінде Масуд Пезешкиан 53,3% дауыс жинаған. Ал оның консервативті қарсыласы Саид Джалили 44,3% алған.

Айта кетейік, Иранның бұрынғы президенті Ибрахим Раиси мамыр айында тікұшақ апатынан қайтыс болғаннан кейін елде президент сайлауы өтетіні жарияланған еді.

Сайлаудың бірінші туры 28 маусымда өтіп, онда ешбір кандидат көпшілік дауысқа ие бола алмады.

Ал бұрын кардиохирург болған Масуд Пезешкиан сайлау науқаны кезінде Ирактың моральдық полициясын сынға алды. Ол Иранның әлемнің басқа елдерінен «оқшаулануын» тоқтатуға уәде берді. Сонымен қатар, Пезешкиан Батыспен 2015 жылғы ядролық келісімді қайта бастау туралы «сындарлы келіссөз» жүргізуге шақырды. Сол арқылы Иранға батыс санкцияларды жеңілдету үшін елдің ядролық бағдарламасын шектеуге келісуді көздейді.

Фото: iz.ru

Байланысты жаналықтар

Түркия Иранмен шекарада бетоннан қабырға тұрғызып жатыр

07.11.2024

Иран Израиль шабуылына әлдеқайда күшті жауап қайырмақ

02.11.2024

Камала Харрис: «Трамп - тұрақсыз әрі билікқұмар адам»

30.10.2024

Washington Post газетінен 200 мыңнан астам оқырман бас тартты

30.10.2024

Израиль шабуылынан соң Иран БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне шықты

27.10.2024

Израиль шабуылынан кейін Иран өзін қорғауға міндетті екенін мәлімдеді

26.10.2024
MalimBlocks
Түркия Иранмен шекарада бетоннан қабырға тұрғызып жатыр

Шекараны заңсыз кесіп өтетіндер көбейген

Иран Израиль шабуылына әлдеқайда күшті жауап қайырмақ

Оған сол төңіректегі Израильге қарсы күштер де қосылмақ

Камала Харрис: «Трамп - тұрақсыз әрі билікқұмар адам»

Ал Трамп «Камала бізді ұятқа қалдырды» деді

Washington Post газетінен 200 мыңнан астам оқырман бас тартты

Себеп – газет президенттікке үміткерлердің ешқайсына қолдау көрсетпейтін болды

Израиль шабуылынан соң Иран БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне шықты

Иран әлемдік ұйымнан төтенше отырыс өткізуді сұрайды

Израиль шабуылынан кейін Иран өзін қорғауға міндетті екенін мәлімдеді

Сондықтан, Израильге жауап қатуға құқылы екенін жариялады