Иранда жойқын жарылыс болды

Иранның оңтүстігіндегі Шахид Раджаи портында жойқын жарылыс болды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Ирандық Tasnim агенттігінің мәліметінше, оқиғаға жанармай сақталған резервуардың өртенуі себеп болған. Жарылыс орнына жақын маңдағы қалалардан құтқарушылар мен өртсөндірушілер жіберілген.
"Бірнеше минут бұрын Шахид Раджаи портында жойқын жарылыс болды, оның нақты себебі әлі анықталған жоқ", – деп хабарлады Хормозган провинциясының дағдарыс жағдайларын басқару басқармасының бас директоры.
Басылымның хабарлауынша, жарылыстың соққы толқыны соншалықты күшті болған, тіпті кеңсе ғимараты толық қирап, көптеген көлік құралы зақымданған.
Желіде жарылыс кадры тарады.
Фото: Видео кадры