457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Израиль Газа секторын толық аннексиялау жоспарын қарастырмақ

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа секторын толық аннексиялау жоспарын әскери-саяси кабинетке ұсынбақ, деп хабарлайды Malim.kz Haaretz газетіне сілтеме жасап.

Жоспарға сәйкес, Израиль палестиналық ХАМАС қозғалысына атысты тоқтату туралы келісімге келу үшін бірнеше күн уақыт береді. Егер келісімге қол жеткізілмесе, Израиль палестиналық аумақтарды кезең-кезеңімен аннексиялауға кірісетіні айтылған.

Алдымен буферлік аймаққа кіретін аумақтар, кейін Израильдің Сдерот және Ашкелон қалаларына жақын орналасқан Газа секторындағы солтүстік аудандар қосылуы мүмкін. Бұл процесс бүкіл өңір толық аннексияланғанға дейін жалғасады деп болжанады. Нетаньяхудың айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі бұл жоспарды қолдайды.

Дереккөздер хабарлауынша, Израиль қаржы министрі, ультраоңшыл саясаткер Бецалель Смотрич аннексия жоспары жүзеге асса, үкімет құрамында қалуға уәде берген. Бұған дейін ол және ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир ХАМАС толық жойылмайынша атысты тоқтату туралы келісімге келетін болса, отставкаға кететінін айтып, биліктегі коалицияны ыдыратуға дайын екенін мәлімдеген.

Фото: Xinhua/dpa/picture alliance