Израиль соққыларынан ирандық 70-тен астам әйел мен бала қаза тапты

Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Бағаи Израильдің насихаты тұрғын үйлерге ешқандай зиян келтірмегендей көрсетуге тырысатынын айтты, деп жазды ТАСС.
Израиль Қорғаныс армиясының Тегеранға жасаған соңғы үш соққысының салдарынан 73 әйел мен бала қаза тапты. Бұл туралы Иран СІМ-нің ресми өкілі Эсмаил Бағаи мәлімдеді.
Израиль насихаты тұрғын үйлерге еш зиян келтірмейтіндей көрсеткісі келеді. Алайда шын мәнінде, Тегеранға жасалған үш шабуылдың салдарынан 73 әйел мен бала көз жұмды, - деп жазды Бағаи X әлеуметтік желісінде.
Ол сондай-ақ Шахид Чамран қаласындағы тұрғын үй қирағанда 20 бала қаза тапқанын, әлі 10 баланың денесі қирандылар астында жатқанын айтты.
Фото: Majid Saeedi/ Getty Images

Ең көп оқылған
