457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Беларусь хакерлері мәлімдеме жасады

Ресейдің "Аэрофлот" компаниясының серверлері мен компьютерлерін бұзып, жұмысын ақсатқан Беларусь хакерлері мәлімдеме жасады деп хабарлайды malim.kz DW басылымына сүйеніп.

"Киберпартизандар" хакерлік тобының өкілі Юлиана Шеметовец "Аэрофлот" жолаушыларына зиян келтіруді мақсат тұтпағанын айтып, дегенмен, аталмыш компанияның қызметінен бас тартуды ұсынған. Оның айтуынша, хакерлер ресейлік кез келген мемлекеттік құрылымды және "Ресей режимімен байланысқан кез келген компанияны заңды нысана" деп есептейді.


- Шабуылдың мақсаты әлдеқандай залал келтіру болмады, "Аэрофлот" қызметін қолданатын адамдарға қауіп төндіру емес еді. Мақсатымыз бұл емес. Алайда, жүйе қазір жұмыс істемей тұр, қалпына келтіруге бірнеше ай кетеді. Ендеше,болашақта ұшу кезінде қателер болуы мүмкін, -


деген Шеметовец.