457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Түркиядағы орман өрті: Анталья мен жағажай курорттары қауіп аймағында

 

Түркияда бірнеше күннен бері тоқтамай жатқан орман өрттері Анталья мен басқа да теңіз жағалауындағы курорттарды қауіпке тіреді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

25 шілдеден бастап жалын Анталья провинциясына жеткен. 27 шілдеде Түркияның Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклы 84 табиғи өрттің сөндірілгенін, соның ішінде 36-сы орман өрті екенін мәлімдеді. Алайда кейбір ошақтар әлі де бақылауға алынбаған. Жаңа өрт ошақтары Стамбулдың оңтүстігіндегі Бурса провинциясында тіркелді.

Министр жағдайдың бірнеше күн ішінде толығымен тұрақталуы екіталай екенін айтып, азаматтарды табиғат аясында от жағудан аулақ болуға шақырды. Туристерге қауіп төнбесе де, олардан мұқият әрі сақ болу сұралды.

Фото: DHA