Лавров: Ресей Украинадағы атысты тоқтатудан бас тартады

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеудің Украинада атысты ұзақ мерзімге тоқтату туралы ұсыныстан ресми түрде бас тартқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол 21 мамыр күні Еревандағы Ресей-Армян университетінде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.
«Атысты тоқтатып, кейін бейбіт келісімдерге келу туралы идея енді жарамсыз. Біз мұндай жағдайларды бұрын да бастан өткердік, енді қайталанғанын қаламаймыз», – деді Лавров.
Ол 2022 жылы Стамбұлда өткен Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге сілтеме жасап, сол кезде Киев делегациясы ұсынған бейбіт реттеу қағидаттарының парафирленгенін еске салды.
Сергей Лавров Франция президенті Эммануэль Макронды, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармерді және Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенді АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қысым көрсетіп, оған жаңа санкциялар енгізуге мәжбүрлеуге тырысты деп айыптады.
Фото: Pavel Bednyakov/Pool AP/dpa/picture alliance