Лукашенко Украина бойынша келіссөздерде делдал болғысы келмейді

Арман Қайыпхан

  • 05.03.2025

Беларусь басшысы Александр Лукашенко Украина бойынша бейбіт келіссөздерде делдал болғысы келмейді, бірақ оларды Минскіде өткізуге дайын. Бұл туралы ол америкалық блогер Марио Науфалға берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

“Мен делдалдықты жек көремін. Бұл біреудің арасында болып, өзіңді маңызды етіп көрсетуді білдіреді. Әсіресе, АҚШ пен Ресей немесе АҚШ пен Қытай арасында делдал болу – қауіпті нәрсе. Бізде Ресеймен де, Қытаймен де тамаша қарым-қатынас бар. Бірақ, құдай сақтасын, бұл алыптардың арасында делдал болудан. Қазіргі жағдай көрсетіп отырғандай, делдал болу үшін үлкен ресурстар немесе басқа да мүмкіндіктер қажет. Мен оған қабілетті емеспін. Мен шынайы саясатты қолдаймын, - деді ол.

Сонымен бірге, Беларусь басшысы Ресей, АҚШ және Украина президенттерін Минскіде келіссөздер өткізуге шақыруға дайын екенін айтты: “Келгілеріңіз келсе – келіңіздер. Беларусь шекарасынан Киевке дейін 200 шақырым ғана. Ұшақпен жарты сағат. Осында жиналып, ешқандай айқай-шусыз келісімге келейік. Сондықтан Трампқа жеткізіңіздер: мен оны Путин және Зеленскиймен бірге осында күтемін. Жай ғана отырып, сабырмен келіссөз жүргіземіз. Егер келісімге келгілеріңіз келсе”.

Сол күні Кремль өкілі Дмитрий Песков Лукашенконың Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздерді Минскіде өткізу туралы ұсынысына пікір білдірді. Оның айтуынша, Мәскеу Беларусь астанасын “мұндай талқылаулар үшін ең жақсы орын” деп санайды.

“Бұл мәселе көтерілген жоқ және талқыланған да жоқ. Бірақ, әрине, біз үшін Минск – ең қолайлы орын. Бұл – біздің басты одақтасымыз, сондықтан ол келіссөздер үшін ең жақсы алаң”, – деп келтіреді Песковтың сөзін “Интерфакс” агенттігі.

Фото: Sergei Savostyanov/AFP/Getty Images

Байланысты жаналықтар

Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

16.04.2025

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

15.04.2025
MalimBlocks
Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді