Палестинаны қолдауға бара жатқан Грета Тунбергті Израиль еліне депортациялады

Палестиндықтарға қолдау көрсетпек болған экоактивист Грета Тунберг Израильде ұсталып, Франция арқылы Швецияға қайтарылды, деп хабарлайды Malim.kz Израиль СІМ-іне сілтеме жасап.
"Грета Тунберг енді Израильден (Франция арқылы) Швецияға ұшып кетті", — деп жазылған СІМ-нің X әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.
Айта кетейік, Тунберг маусым айында Газa секторына гуманитарлық көмек жеткізбек болған активистер тобының құрамында болды, бірақ Израиль бұған жол бермеді.
Дүйсенбі күні Тунберг мінген "Мадлен" кемесін Израиль әскери-теңіз арнайы бөлімшесі ұстады. Кеме Израильдің Ашдод портына қойылды. Гуманитарлық көмек жеткізу мақсатында кетіп бара жатқан активистердің барлығы ұсталды. Тунберг Израиль үкіметін "мені заңсыз ұстап алды" деп айыптады.
Бұған дейін Израиль СІМ хабарлағандай, "Мадлен" кемесінде Грета Тунбергпен бірге ұсталған акция қатысушылары Бен-Гурион әуежайына депортациялау үшін жеткізілді.
Фото: Fabrizio Villa/Getty Images

Ең көп оқылған
