Қамауға алынған Ыстамбұл мэрі түрік халқына үндеу жолдады

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу жақтастарын өз құқықтарын қорғауға және Түркияның қалаларында алаңдарға шығуға шақырды

Сұлу Бөлек

  • 23.03.2025

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу жақтастарын өз құқықтарын қорғауға және Түркияның қалаларында алаңдарға шығуға шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.

"Мен ұлтымызды құқық үшін жауапкершілік алып, күресуге шақырамын. Бұл күрес – еліміздің және балаларымыздың болашағы үшін маңызды. Бүгін Түркияның болашағы үшін дауыс беріңіз. Кейін халықтың еркіндігін ұрлағандарға қарсы тұру үшін Ыстамбұлдағы Сарачхане алаңына және басқа қалалардағы демократия алаңдарына жиналыңыз. Бүгін – құқық үшін күресуге жауапкершілік алатын күн", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Имамоглу мен әкімдіктің бірнеше шенеунігі қамауға алынды.

Жексенбіде Sözcü телеарнасы соттың Экрем Имамоглуға қатысты қамауға алу туралы шешім шығарғанын хабарлады. Тергеу аясында әкімдіктің бірқатар жоғары лауазымды шенеунігі де ұсталды. Жалпы бұл іс бойынша 90-нан аса адам жауапқа тартылып жатыр.

Имамоглу Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның басты саяси қарсыластарының бірі саналады. Ол 19 наурызда сыбайлас жемқорлық, парақорлық және террористік ұйымдарды қаржыландыруға байланысты қылмыстық іс бойынша қамауға алынған.

Түркияның ірі қалаларында жаппай наразылықтар басталды.

Бұл оқиға Түркияның бірнеше қаласында, соның ішінде Анкара, Ыстамбұл және Измирде жаппай наразылық акцияларын тудырды. Наразылықтар биліктің 27 наурызға дейін митингтер мен демонстрацияларға тыйым салғанына қарамастан жалғасып жатыр. 

Ердоғанның реакциясы

Президент Реджеп Тайып Ердоған наразылықтарға қатысты пікір білдіріп, Түркия "көшедегі террорға берілмейтінін", ал үкімет "елді лаңкестік әрекеттер арқылы дестабилизациялауға жол бермейтінін" мәлімдеді.

Фото: instagram @ekremimamoglu

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

14.05.2025

Зеленский Ыстамбұлға барады - БАҚ

12.05.2025

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

07.05.2025

Талғардағы жалғыз стадион жеке адамға беріле ме? Тұрғындардың шуынан соң әкімдік жауап берді

06.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

Зеленский Ыстамбұлға барады - БАҚ

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

Талғардағы жалғыз стадион жеке адамға беріле ме? Тұрғындардың шуынан соң әкімдік жауап берді

Стадион апатты жағдайда тұр