457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Нұрлан имам алаяқтыққа байланысты үндеу жасады

Танымал имам Нұрлан Асанов өз атынан таратылып жатқан алаяқтық әрекеттерге қатысты халықты сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews сайтына сілтеме жасап. 


Оның айтуынша, Telegram желісінде белгісіз біреулер өздерін ҚМДБ-ның ресми өкілі ретінде таныстырып, имам атынан «1 миллион теңгелік грант» төлемін ұсына отырып, жеке мәліметтерді жинап жатыр.

Құрметті Қазақ елі! Менің атымды жамылып, Telegram арқылы мұсылман қауымына жалған ақпарат таратып жатқандар пайда болды. Олар өңірлерде 1 000 000 теңгелік қайтарымсыз грант берілетіні туралы айтып, жеке деректерді сұрап жатыр. Бұл – таза алаяқтық! Қазір ештеңе тегін таратылмайды. Ешкімге жеке дерек бермеңіздер!, – деп жазды имам әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол сондай-ақ күмәнді ақпаратқа тап болған жағдайда Muftyat.kz сайтына немесе өзінің @nurlanimam.kz парақшасына хабарласуды ұсынды.

«Барынша бөлісіп, бір-бірімізді ескертейік. Ақпаратты алғаш хабарлаған Қостанай қаласындағы "Ырыскелді қажы" мешітіне рақмет», – деді Нұрлан Асанов.

Фото: ашық дереккөзден