Қазақстандық олигарх Владимир Жұманбаевқа Қырғызстанда іздеу жарияланды

Оның «Ағайындар ортасы» халықаралық қылмыстық тобының құрамына кірген «Заңдағы ұры» аталған Қ.Асанбектің ұйымдасқан қылмыстық тобының қызметін қаржыландыру фактілері анықталған.

Malim Админ

  • 05.06.2024

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қазақстандық кәсіпкер, «Вертекс Голд» компаниясының иесі Владимир Жұманбаевқа Қ.Асанбектің (Қамшы Көлбаев) ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырғаны үшін іздеу жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

ҰҚМК мәліметінше, тергеу амалдары аясында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) фактісі бойынша тіркелген сотқа дейінгі іс жүргізу материалдарында Қазақстанның ірі бизнесмендерінің бірі Владимир Жұманбаевтың «Ағайындар ортасы» халықаралық қылмыстық тобының құрамына кірген «Заңдағы ұры» аталған Қ.Асанбектің ұйымдасқан қылмыстық тобының қызметін қаржыландыру фактілері анықталған.

Аталған тұлға Қ.Асанбектің қылмыстық қоғамдастықтың құрамындағы кәсіпкерлерден рэкет, бопсалау түріндегі заңсыз әрекеттерден жүйелі түрде қаражат алуы, сондай-ақ ауыр қылмыстар үшін бірнеше рет сотталғаны, сондай-ақ оның «адам өлтіру», «адам ұрлау» және «қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) ұйымдастыру» баптарымен аса ауыр қылмыстар бойынша талай рет сотталғанын біле тұра, Қырғыз Республикасының аумағында бірлескен бизнес жобаларды жүзеге асыру үшін қолдау және қамқорлық алу мақсатында Қ.Асанбекпен байланыс орнатқан, - делінген хабарламада.

«В.Г.К.» ЖШС-нің Қырғыз Республикасы аумағындағы алтын өндірумен, кендер мен бағалы металдарды байытумен айналысатын иесі бола отырып, В.Жұманбаев алтын өндіруші компанияның жауапты қызметкерлері арқылы Қ.Асанбекке 2021-2023 жылдар аралығында ай сайын 1 млн сом жіберіп отырған.

Іздеудегі азамат Қ.Асанбекпен Ыстықкөл облысында орналасқан «Барс» демалыс базасының аумағында кездесіп, демалған. Бұл жерге ол жеке ұшақпен келгені атап өтілген.

Сотқа дейінгі іс жүргізуді тергеп-тексеру аясында «В.Г.К» ЖШС қызметі кірістерінің нақты көрсеткіштерін жасыру мақсатында Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдарына алтын кенін өндіру туралы жалған мәліметтер беру фактілері анықталған.

Бішкек қаласының Октябрь аудандық сотының қаулысымен В.Жұманбаевқа қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған тұлғаға қылмыстық қудалау үшін мемлекетаралық іздеу жарияланды.

Фото: ҰҚМК

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

19.05.2025

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025
MalimBlocks
Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды