Қырғызстан мен Тәжікстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

Бішкектегі парадқа 3 мың әскери қызметкер, ал Душанбеде 4,5 мың адам қатысып жатыр

Сабина Асқарқызы

  • 08.05.2025

Қырғызстан мен Тәжікстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтар өтті, деп хабарлайды Malim.kz

Қырғызстан мен Тәжікстан астаналарында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды әскери парадтар ұйымдастырылды. Бішкектегі парад Ала-Тоо алаңында, ал Душанбедегі шара Жеңіс саябағында өтті.

Ресми мәліметке сәйкес, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары майданға Қырғызстаннан 360 мыңнан астам адам аттанса, Тәжікстаннан 300 мыңнан астам азамат соғысқа қатысқан.

Бішкектегі парадқа 3 мың әскери қызметкер, ал Душанбеде шамамен 4,5 мың адам қатысты. Қырғызстанда Жеңіс күніне арналған парад дәстүрлі түрде 9 мамырда өтеді. Алайда биыл президент Садыр Жапаровтың Мәскеуге сапарына байланысты іс-шара 8 мамыр күніне ауыстырылған. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон да Ресей астанасына Жеңіс күнін атап өтуге барады.

Садыр Жапаров өз сөзінде Қырғызстанның фашизмге қарсы күрестегі ерен еңбегін атап өтті:

Орталық Азия елдерінен соғысқа ер азаматтардың басым көпшілігі аттанды. Қырғызстанда әр төртінші тұрғын майдан даласында фашистік Германияға қарсы шайқасты. Өкінішке қарай, олардың жартысы елге оралмады. Ал оралғандардың көбі жарақат алып, мүгедек болып қалды. Біз ата-бабаларымызды мақтанышпен еске аламыз. Олар Кеңес Одағының барлық халықтарымен қатар жауға қарсы күресте қайсарлық пен ерліктің үлгісін көрсетті, – деді ол.

Эмомали Рахмон да өз халқының соғыстағы құрбандығы жайлы сөз қозғады. Оның айтуынша, соғысқа аттанған 300 мың тәжікстандықтың 100 мыңнан астамы қаза тапқан, 40 мыңнан астамы хабар-ошарсыз кеткен, ал 60 мыңға жуық адам мүгедек күйде оралған.

Қанды шайқастар Тәжікстаннан мыңдаған шақырым қашықта өткеніне қарамастан, оның ауыр салдары бүкіл елге әсер етті. Әрбір тәжік отбасы бұл соғыстың қасіретін сезінді. Еліміздің шалғай ауылдарынан бастап қалаларына дейін, майданға әкелерін, бауырларын, ұлдарын немесе туыстарын шығарып салмаған бірде-бір отбасы болған жоқ. Бұл сұм соғыс – халқымыздың тарихындағы ең қаралы кезең әрі ұлы трагедия, – деді Тәжікстан президенті.

Фото: 24.kg

Байланысты жаналықтар

Мәскеуде Путин мен Си Цзиньпин кездесті

08.05.2025

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

08.05.2025

Әзербайжан президенті 9 мамырда Мәскеуге бармайтын болды

08.05.2025

Астанада әскери шеруді терезеден көргісі келген тұрғынға ескерту жасалды

07.05.2025

Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

07.05.2025

Астанадағы әскери шеру: 7 мамырда қай көшелер жабылады

06.05.2025
MalimBlocks
Мәскеуде Путин мен Си Цзиньпин кездесті

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

Әзербайжан президенті 9 мамырда Мәскеуге бармайтын болды

Астанада әскери шеруді терезеден көргісі келген тұрғынға ескерту жасалды

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды

Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

Астанадағы әскери шеру: 7 мамырда қай көшелер жабылады

Жаяу жүргіншілерге де шектеулер енгізілуі мүмкін