457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Камчыбек Көлбаев ұсталды

ҚР Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті іздеуде жүрген Қырғызстан азаматын Алматыда ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол 17 жыл бұрын Бішкек қаласында адам өлтірді деген күдікке ілінген. Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті Камчыбек Көлбаевтің ұйымдасқан қылмыстық тобына мүше. Жалпы, қыркүйек айында іздеуде жүрген 81 адам ұсталып, 58 хабар-ошарсыз кеткен адамның орналасқан жері анықталды. Бұдан басқа, ТМД елдері мен алыс шет елдер үшін 28 қылмыскер ұсталды. Астана қаласында Молдова Ішкі істер министрлігімен, 12 жылдан бері іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды. Ол сол елдің азаматынан жүз елу мың АҚШ долларын бопсалап алған.

Фото: Polisia.kz

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған