457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей 50 мыңдық әскермен Сумы қаласына шабуылдап жатыр

Ресей армиясы Украинадағы Сумы облысының әкімшілік орталығы – Сумы қаласына қарай шабуыл жасап, қазір одан 20 шақырымдай жерде орналасқан, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтынас сілтеме жасап.

Бұл уақытта АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин соғысты тоқтатқысы келеді деп мәлімдеп жүргенімен, РФ әскері украин қалаларын бұрын-соңды болмаған дрондар мен зымырандар санымен атқылап, жаңа шабуыл ұйымдастыруға тырысуда. Олар жеке құрамдағы шығынмен санаспай әрекет етіп жатыр.

The Wall Street Journal (WSJ) басылымның мәліметінше, украин бөлімшелері Курск облысынан ығыстырылғаннан кейін, Ресей шамамен 50 мың сарбаздан тұратын топ жасақтап, оны Сумы бағытына аттандырған. Алдыңғы шептегі украин сарбаздарының айтуынша, шабуылдаушы күш саны жағынан қорғанушылардан үш есе артық.

«Олардың басты стратегиясы – бізді көптігімен титықтатып, шаршату», – дейді Украина Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Александр Сырский.

Оның сөзінше, соңғы бір жылда майдан шебі 160 шақырымға ұзарған және бүгінде жалпы ұзындығы 1200 шақырымнан асып отыр. Маусым айында Сумы бағытына Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасына қарасты «Тимур» арнайы жасағының жауынгерлерін жіберуге тура келген. Олар ресейлік шабуылды уақытша тоқтатып, біршама аумақты қайта алған.

«Олардың саны біз үшін күрделі мәселе. Бірақ бұл бізді толығымен жойып жібере алатын деңгейде емес. Қазірдің өзінде қарсылас тәулігіне 300-ден 400-ге дейін адам жоғалтып жатыр, бірақ олар мұндай шығынға қарамай, резервтерін үздіксіз толықтырып отыр», – деді WSJ басылымына «Тимур» арнайы жасағының командирі Каппа.

Фото: DW