Ресей Американың екі бомбалаушы ұшағын ұстады
Ресей 2022 жылы Украинаға басып кірген соң 2023 жылы Финляндия НАТО-ға қосылды.
Америкалық бомбалаушы ұшақтар Балтық теңізінде Финляндиямен бірлескен жаттығулар өткізген, деп хабарлайды «Америка дауысы».
АҚШ әскери-әуе күштерінің екі В-52 стратегиялық бомбалаушы ұшағын Балтық теңізі жағалауында ресейлік екі Су-27 жойғыш ұшағы ұстады. Бұл туралы сейсенбіде Джо Байден әкімшілігіндегі дереккөз мәлімдеді.
Америкалық бомбалаушы ұшақтар Балтық теңізінде Ресеймен 1340 шақырымдық шекарасы бар НАТО мүшесі Финляндиямен бірлескен жаттығулар өткізген.
Бұл оқиға АҚШ пен Ұлыбританияның Киевке Батыстың озық қару-жарағын қолданып, Ресей территориясына соққы жасауына рұқсат берген шешіміне жауап ретінде Украинаны орташа қашықтыққа ұшатын жоғары дыбысты баллистикалық зымыранмен атқылаған соң бірнеше күннен кейін болды.
Фин әуе күштері Reuters агенттігіне электронды пошта арқылы жіберілген мәлімдемесінде өз елі мен АҚШ бомбалаушы ұшақтары елдің қорғаныс қабілетін арттыру мақсатында дүйсенбі күні Финляндияның әуе кеңістігінде оқу-жаттығу миссиясын өткізгенін айтқан.
Мәлімдемеде Ресейдің әрекеті туралы айтылмаған, бірақ бұл жаттығуда «жауынгерлік миссия аясында ынтымақтасу қабілетін көрсету үшін модельденген бомбалау» болғаны айтылған.
Ресей 2022 жылы Украинаға басып кірген соң 2023 жылы Финляндия НАТО-ға қосылды.
Финляндия Ресей агрессиясына қарсы Украинаны барынша қолдаушыларының біріне айналды.
Фото: «Известия»