Ресей «Орешникті» тағы қолдануы мүмкін

«Біз «Орешник» кешені майдандағы жағдайды өзгертетін фактор деп санамаймыз. Бұл, ең алдымен, Ресейдің Украинаны қорқытуға бағытталған тағы бір әрекеті, бірақ бұл әрекет сәтсіз болары сөзсіз»,

Аялдар Күнтуған

  • 12.12.2024

Фото: ВВС

Ресей жақын күндері Украинаға қарсы «Орешник» зымыран кешенін қайта қолдануы мүмкін. Ресей Қорғаныс министрлігі Таганрогтағы аэродромға украин әскері америкалық ATACMS зымырандарымен соққы жасағаны үшін «жауап» беруге уәде етті. Бұл туралы Associated Press және Reuters агенттіктеріне сілтеме жасап, ВВС жазды.

Reuters жаңа ресейлік зымыран кешені жағдайды айтарлықтай өзгертпейді деген болжам жасады.

«Біз «Орешник» кешені майдандағы жағдайды өзгертетін фактор деп санамаймыз. Бұл, ең алдымен, Ресейдің Украинаны қорқытуға бағытталған тағы бір әрекеті, бірақ бұл әрекет сәтсіз болары сөзсіз», – дейді агенттік Вашингтондағы дереккөзге сілтеп.

Associated Press агенттігі өз дереккөзіне сүйене отырып, Ресейде осындай «тек бірнеше» зымыран кешені бар дейді.

2023 жылдың 10 желтоқсанында Ресей президенті Владимир Путин «Орешник» зымыран кешені сияқты жүйелердің жеткілікті саны ядролық қаруды қолдану қажеттілігін барынша азайтуға мүмкіндік беретінін мәлімдеген.

Ресей алғаш рет «Орешник» баллистикалық зымыранын 21 қарашада Днепр қаласына соққы жасау үшін қолданған. Сол кезде Владимир Путин бұл жүйе Ресейдің әскери өнеркәсібінің жаңа өнімі екенін және оның Украина тарапынан Ресей аумағына ATACMS және Storm Shadow зымырандары арқылы жасалған шабуылдарға қарымта ретінде қолданылғанын айтқан болатын.

Көп өтпей Путин «Орешник» зымырандары Киевтегі «шешім қабылдау орталықтарына» соққы беруі мүмкін екенін ескертті. Ресейдің Бас штабы мен Қорғаныс министрлігі Украина аумағындағы нысаналарды таңдап жатқанын да айтты.

Сәрсенбі күні Ресейдің Қорғаныс министрлігі Украина қарулы күштерінің Ростов облысындағы Таганрог қаласындағы әскери аэродромға жасаған түнгі шабуылында ATACMS зымырандарының алты данасын қолданғанын мәлімдеді.

Таганрогқа жасалған шабуыл туралы жергілікті билік сәрсенбі күні таңертең хабарлады. Шабуыл салдарынан 27 көпқабатты үйде жылу беру жүйесі өшкені туралы ақпарат берілді.

Қорғаныс министрлігінің хабарламасында екі зымыранның «Панцирь» кешендерімен атып түсірілгені, қалғандары радиоэлектронды күрес құралдарымен ауытқытылғаны айтылған.

Ведомствоның мәліметінше, екі ғимарат пен үш әскери көлікке және жақын маңдағы автотұрақта тұрған азаматтық көліктерге жеңіл зақым келген.

Министрлік зымыранның сынықтарынан әскери қызметкерлер жарақаттанғанын хабарлап, бұл шабуылға жауап беріледі деді.

«Бұл шабуылға, Батыс елдерінен жеткізілген ұзақ диапазонды қаруларға жауап береміз, тиісті шаралар қабылданады», – деп мәлімдеді Ресей Қорғаныс министрлігі.

Украина Таганрогқа жасалған ракеталық шабуыл туралы ешқандай пікір айтқан жоқ.

Байланысты жаналықтар

Украина үшін Курск облысындағы шайқастың маңызы қандай?

06.01.2025

Блинкен «Украинаның қауіпсіздігіне НАТО кепілдік беруі керек» дейді

05.01.2025

Зеленский Украинаның болашағы Трампқа байланысты екенін айтты

05.01.2025

Украина 2024 жылы 3600 шаршы шақырымнан астам жерінен айырылды

05.01.2025

Ресей Украинаның зымыранын атып түсіргенін хабарлады

30.12.2024

Соңғы апта ішіндегі негізгі оқиғалар. Путин кешірім сұрады

29.12.2024
MalimBlocks
Украина үшін Курск облысындағы шайқастың маңызы қандай?

Блинкен «Украинаның қауіпсіздігіне НАТО кепілдік беруі керек» дейді

Зеленский Украинаның болашағы Трампқа байланысты екенін айтты

Украина 2024 жылы 3600 шаршы шақырымнан астам жерінен айырылды

Ресей Украинаның зымыранын атып түсіргенін хабарлады

Соңғы апта ішіндегі негізгі оқиғалар. Путин кешірім сұрады

Соңғы бір аптада елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды?