Украина дрондары әскери аэродромдарға шабуылдады

Malim Админ

  • 24.12.2024

Фото: Efrem Lukatsky/AP Photo/picture alliance

Дүйсенбі күні кешке қарай Украина дрондары Ростов облысындағы Миллерово қаласына жақын орналасқан Ресейдің әскери аэродромына шабуыл жасады, сондай-ақ Краснодар өлкесіндегі Ейск қаласындағы авиация базасын да шабуылдаған болуы мүмкін. Бұл жөнінде ВВС агенттігі жазды.

Миллерово ауданындағы дрондар шабуылы туралы  Ростов облысының басшысы Юрий Слюсарь сегіз дронның атып түсірілгенін айтты. Ал Ресейдің Қорғаныс министрлігі Ростов облысының әуе кеңістігінде тоғыз дронның атып түсірілгенін мәлімдеді. Министрлік нақты қай жерде атып түсірілгенін нақтылаған жоқ.

Жергілікті ақпарат көздері шабуылдан зардап шеккендер жоқ деген ақпарат таратты.

«Украина қарулы күштері «Миллерово» аэродромына он бес дронмен шабуылдады. Алдын ала мәлімет бойынша, жеке құрам мен техника арасында ешқандай шығын жоқ», – деп жазылған «Это Ростов» арнасында.

Жергілікті пабликтерде шабуыл кезіндегі өрт пен жарылыс делінетін фотосуреттер мен видеолар жарияланды.

Ресейлік билік өкілдері аэродромға жасалған шабуылға қатысты пікір білдірмеді , өз хабарламаларында тек Миллерово қаласының атын немесе жалпы Ростов облысын атап өтеді.

Киев шабуылға қатысты ресми пікір білдірмегенімен, Украина Қауіпсіздік және қорғаныс Кеңесі жанындағы Дезинформациямен күрес орталығының басшысы Андрей Коваленко әскери аэродромның Ресей әскерлері үшін маңызды стратегиялық нысан екенін айтты.

«Ресей үшін бұл Ростов облысындағы стратегиялық аэродром. Ол  – Украинаның шығыс және оңтүстігіндегі Ресей әскеріне қолдау көрсету үшін құрылған фронттық авиация базасының бірі», – деп жазды Telegram-да Коваленко.

Байланысты жаналықтар

Ресей мен АҚШ делегациясы Эр-Риядта кезікті

18.02.2025

Украина экс-министрі Дмитрий Кулеба: Соғыс әлі басталған жоқ

18.02.2025

«Бурятқа айналған атыраулық қазақ» Украинадағы соғыста қаза тапты

10.02.2025

Англия өз курсанттарын Украинаға жібереді

17.01.2025

Украина үшін Курск облысындағы шайқастың маңызы қандай?

06.01.2025

Зеленский Украинаның болашағы Трампқа байланысты екенін айтты

05.01.2025
MalimBlocks
Ресей мен АҚШ делегациясы Эр-Риядта кезікті

Украина экс-министрі Дмитрий Кулеба: Соғыс әлі басталған жоқ

Ресей біз бастан кешкен мына зобалаңнан кейін бізге ешқандай мейірімділік көрсетпейді. Олар қатаң, көпжылдық кек қайтаруды және жоюды жүзеге асырады.

«Бурятқа айналған атыраулық қазақ» Украинадағы соғыста қаза тапты

Тасболат Ибрашев кім? Тасболат Ибрашев 2008 жылы Ресейдің Грузияға жасаған басқыншылығы кезінде танымал болған.

Англия өз курсанттарын Украинаға жібереді

Бұл Мәскеудің алаңдаушылығын туғызып отыр.

Украина үшін Курск облысындағы шайқастың маңызы қандай?

Зеленский Украинаның болашағы Трампқа байланысты екенін айтты