Украина 2024 жылы 3600 шаршы шақырымнан астам жерінен айырылды

Malim Админ

  • 05.01.2025

2024 жылы Украина Қарулы күштері 3600 шаршы шақырымнан астам аумақ жерінен айырылды, атап айтқанда, қараша айында украин әскерлері тәулігіне 20 шаршы шақырымнан астам аумақты жоғалтқан, деп хабарлайды украиндық «Милитарный» порталы.

2024 жылы ең үлкен шығын Донецк және Харьков облыстарында болды. Донецк облысында Ресей әскерлерінің белсенділігі жыл бойы жоғары болған. Донецк облысындағы Великая Новоселка-Очеретино аймағында Ресей армиясы бір жыл ішінде 2400 шаршы шақырымнан астам аумақты басып алды.

Донецк облысындағы Нью-Йорк-Северск учаскесінде Ресей бір жыл ішінде кемінде 335 шаршы шақырым аумақты бақылауға алды, ал Лиман мен Купянск бағыттарында – кемінде 479 шаршы шақырым Ресей армиясының қолына өткен.

2024 жылдың мамыр айындағы шабуыл нәтижесінде Харьков облысының солтүстігінде Ресей әскерлері 211 шаршы шақырым аумақты бақылауға алды, Херсон облысында Ресей шамамен 95 шаршы шақырым аумақты, ал Запорожье облысында  97 шаршы шақырым аумақты басып алды.

Сонымен қатар, 2023 жылы Украина Қарулы күштері шамамен 540 шаршы шақырым аумақты жоғалтып, 430 шаршы шақырым украин аумағын азат еткен, деп хабарлайды «Милитарный» порталы.

Фото: freepik.com

Байланысты жаналықтар

30 күндік атысты тоқтату. Трамп Путиннің соңғы шешімін күтіп отыр

17.03.2025

«Бурятқа айналған атыраулық қазақ» Украинадағы соғыста қаза тапты

10.02.2025

Англия өз курсанттарын Украинаға жібереді

17.01.2025

АҚШ Қырғызстан банкіне санкция салды

16.01.2025

Зеленский Ким Чен Ынға сәлем жолдады

13.01.2025

Украина Саратовқа жаппай шабуыл жасады

08.01.2025
MalimBlocks
30 күндік атысты тоқтату. Трамп Путиннің соңғы шешімін күтіп отыр

«Бурятқа айналған атыраулық қазақ» Украинадағы соғыста қаза тапты

Тасболат Ибрашев кім? Тасболат Ибрашев 2008 жылы Ресейдің Грузияға жасаған басқыншылығы кезінде танымал болған.

Англия өз курсанттарын Украинаға жібереді

Бұл Мәскеудің алаңдаушылығын туғызып отыр.

АҚШ Қырғызстан банкіне санкция салды

Зеленский Ким Чен Ынға сәлем жолдады

Украина Саратовқа жаппай шабуыл жасады