Украинадағы соңғы жаңалықтар. Польшадан 26 мың әскер келеді
Бұл «Украинадан тыс жерде дайындалған украиналық сарбаздардың үштен бірі».
Фото: «Новая газета Европа»
Өткен түні Ресей Украинаға 50 дронмен шабуылдаған, оның 29-ы атып түсірілгені хабарланды. ВВС-дің соңғы жаңалықтарын қысқаша ұсынамыз.
Сәрсенбіге қараған түні Ресей Украинаға 50 «Шаһит» шабуылдаушы дрондарымен, сондай-ақ Х-59/69 зымыранымен шабуыл жасады. Бұл жөнінде Украина әуе күштері мәлімет таратты..
Украина қарулы күштерінің мәліметі бойынша, 29 дрон атып түсірілген.
Дрондар Киев, Харьков, Полтава, Сумы, Чернигов, Хмельницкий, Тернополь, Николаев және Донецк облыстарында атып түсірілді.
Салдарынан Херсон қаласы мен Киндийка ауылына дрон шабуылынан 64 және 56 жастағы екі ер адам зардап шекті, деп хабарлады Херсон қалалық әкімшілігінің басшысы Роман Мрочко.
* * *
Ресей Қорғаныс министрлігі бүгін таңертең бес аймақта 11 украин дронын атып түсіргенін айтты.
Министрліктің мәліметінше, Мәскеу уақытымен сағат 5:30-дан 7:40-қа дейін Ростов облысында алты, Курск облысында екі, Брянск, Рязань және Калуга облыстарында бір-бір дрон құлатылған.
Министрлік әдеттегідей зардап шеккендер мен дрондардың қалдығы туралы ештеңе айтпайды.
Бұған дейін Қорғаныс министрлігі түнде Ресейдің алты аймағында 24 украин дроны ұсталғанын хабарлаған. Министрліктің екі хабарламасының есебі бойынша, Ресей жалпы 35 дронды атып түсірген.
* * *
Польшада Украинаның 26 мың жауынгері әскери дайындықтан өтті, деп хабарлады Польша қорғаныс министрлігінің басшысы Владислав Косиниак-Камыш.
Оның айтуынша, бұл «Украинадан тыс жерде дайындалған украиналық сарбаздардың үштен бірі».