Ресей депутаты Валуевтің Әзербайжанға кіруіне тыйым салынды

Бұрынғы боксшы Бакудегі орыс үйінің жабылғанын сынға алған

Malim Админ

  • 11.02.2025

Әзербайжан билігі Ресей мемлекеттік думасының депутаты Николай Валуевке елге кіруге тыйым салды, деп хабарлайды Malim.kz.


Бұл туралы Әзербайжан СІМ баспасөз қызметінің басшысы Айхан Гаджизаде мәлімдеді. 

Ресей мемлекеттік думасы туризм комитеті төрағасының бірінші орынбасары Николай Валуевтің Әзербайжан халқын қорлайтын сөздері, сондай – ақ оның біздің елді бопсалағаны мүлдем дұрыс емес. Аталған депутаттың антиазербайжандық көзқарастарына байланысты Әзербайжан Республикасына кіруге тыйым салынған адамдардың тізіміне енгізілді, - деді СІМ өкілі Гаджизаде.

Бұрынғы боксшы Бакудегі орыс үйінің жабылғанын сынға алған. Саясаткер ел билігін Ресей аумағындағы Әзербайжан диаспораларына назар аударуға шақырды. Олардың бизнесі мен активтерін тартып алып, визалық режим енгізіп, әзербайжандықтарды елден шығаруды талап еткен.

Фото: eadaily.com  

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық ұшақ Әзербайжанда шұғыл қонуға мәжбүр болды

24.03.2025

Үш күннен кейін ғана табылды: әйел сәбиін пәтерде қараусыз қалдырып кеткен

22.03.2025

Заңсыз ойын ұйымдастырған қазақстандық Әзербайжаннан экстрадицияланды

20.03.2025

34 жастағы ер адам мәйітханада «тіріліп» кетті

16.03.2025

Әзербайжан журналистері қазақстандықтарға алғыс айтты

25.12.2024

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Президенттері энергетикалық жүйені интеграциялау жөніндегі келісімге қол қойды

13.11.2024
MalimBlocks
Қазақстандық ұшақ Әзербайжанда шұғыл қонуға мәжбүр болды

Air Astana әуекомпаниясының ұшағы Бакудегі Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежайға шұғыл қонуға мәжбүр болды,

Үш күннен кейін ғана табылды: әйел сәбиін пәтерде қараусыз қалдырып кеткен

Әзербайжанда 39 жастағы әйел баласын жалдамалы пәтерде қараусыз тастап кеткен. Сәби үш күннен кейін ғана табылған

Заңсыз ойын ұйымдастырған қазақстандық Әзербайжаннан экстрадицияланды

Ол 2023 жылы Алматыда адамдармен алдын ала сөз байласып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, аса ірі көлемде пайда тапты деген күдікке ілінген

34 жастағы ер адам мәйітханада «тіріліп» кетті

Әзербайжан журналистері қазақстандықтарға алғыс айтты

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Президенттері энергетикалық жүйені интеграциялау жөніндегі келісімге қол қойды

Құжат Еуропа елдері мен басқа да нарықтарға жол ашады