457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей Днепрді баллистикалық зымыранмен атқылады

24 маусым, сейсенбі күні күндіз Ресей әскері Украинаға тағы бір зымыран соққысын жасады. Облыс орталығы Днепр қаласында кемінде 9 адам қаза тапты, тағы екі адам Днепропетровск облысындағы Самар қаласында мерт болды, деп хабарлайды Malim.kz dw.com-ге сілтеме жасап.

"Днепрдегі жау шабуылы салдарынан 9 адам қаза тапты. Самарада тағы екі тұрғын көз жұмды. Жараланғандар саны да артып жатыр. Қазіргі уақытта олардың саны жүзден асты", – деп жазды Днепропетровск облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Лысак.

Ол зардап шеккендердің арасында кемінде он баланың барын атап өтті.

Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің (ГСЧС) мәліметінше, Днепрде және облыс аумағында азаматтық инфрақұрылым нысандары – жатақхана, гимназия мен әкімшілік ғимарат айтарлықтай зақымданған.

"Сонымен қатар, пойыз зақымданып, оның жолаушылары жараланды", – делінген хабарламада.

"Укрзалізниця" компаниясы да Ресейдің шығыс Украина өңіріне жасаған зымыран соққысы кезінде жарылыс толқынынан жолаушылар пойызына зақым келгенін растады.

"Ресейдің Днепропетровск облысына жасаған лаңкестік шабуылы салдарынан №52 "Одесса – Запорожье" пойызына зақым келді", – деп жазды компания Telegram-да.

"Укрзалізниця" Днепрге қосалқы құрамды дайындап, жолаушыларды Запорожьеге жеткізу үшін қайта отырғызуды ұйымдастырып жатыр.

Кейінірек теміржол компаниясы бұл шабуыл кезінде және оның салдарынан жолаушылар мен теміржол қызметкерлері арасында адам шығыны болмағанын нақтылады. Алайда жараланғандар саны нақты аталмады.

Фото: DNIPROPETROVSK REGIONAL MILITARY CIVIL ADMINISTRATION via REUTERS