Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Сұлу Бөлек

  • 18.05.2025

Киев облысында Ресейдің дрон шабуылы салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі DW-ге сілтеме жасап. 

18 мамырға қараған түні Ресей Қарулы күштері Украинаға дрон шабуылын жасады. Украина Қарулы күштерінің Әуе күштерінің мәліметінше, барлығы 273 дрон қолданылған — соның ішінде Shahed соққы дрондары (88-і атып түсірілген) және дрон-имитаторлар (128-і жойылған). Бұл — соғыс басталғалы бері бір тәулікте жіберілген ең көп дрон саны.

Қаза тапқандар мен жараланғандар

Киев облысының Обухов ауданында шабуыл салдарынан 28 жастағы әйел қаза тапты. Тағы үш адам — 59 жастағы ер адам, 61 жастағы әйел және төрт жасар бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы – орташа ауыр.

Шабуыл салдарынан бір жеке тұрғын үй жартылай қирады, ал көпқабатты тұрғын үйдің терезелері сынған.

Фастов ауданында орналасқан комбикорм зауытының аумағында өрт шықты.

Киев облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Николай Калашниктің айтуынша, әуе дабылы сол кезде әлі жалғасып жатқан, ал әуе кеңістігінде дрондар байқалып, әуе шабуылына қарсы күштер белсенді әрекет еткен.

Фото: DW

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті