Ресей Украинаға қаза тапқан 909 сарбаздың денесін қайтарды

Арман Қайыпхан

  • 28.03.2025

Украинаға 909 қаза тапқан әскери қызметшінің денесі қайтарылды. Бұл туралы жұма, 28 наурыз күні украиналық әскери тұтқындармен жұмыс жөніндегі үйлестіру орталығы хабарлады. Кейінірек Ресей тарапы да қаза тапқандардың денелерін алмастыруды растады.

Қаза тапқан сарбаздар Курахов, Покровск, Бахмут, Угледар, Луганск және Запорожье бағыттарында соғысқан.

РФ Мемлекеттік Думасының депутаты, "СВО" мәселелері жөніндегі парламенттік үйлестіру тобының өкілі Шамсаил Саралиев РБК басылымына Ресейге 43 қаза тапқан адамның денесі қайтарылғанын мәлімдеді. ВГТРК әскери тілшісі Андрей Руденконың айтуынша, олардың тек 35-і – ресейлік әскери қызметшілер, ал қалған сегізі – Курск облысының тұрғындары.

Бұған дейін Ресей мен Украина 14 ақпанда қаза тапқандардың денелерін алмастырған болатын. Ол кезде Ресейге 45 әскери қызметшінің денесі қайтарылып, Украинаға 757 жауынгердің мәйіті табысталған.

Ресей мен Украина Ресейдің басқыншылық соғысы басталғаннан бері қаза тапқан әскерилердің денелерін тұрақты түрде алмастырып келеді. Бұл процесте делдалдық рөлді Халықаралық Қызыл Крест Комитеті атқарады.

Фото: Michael Sorrow/Anadolu/picture alliance

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті